Қазақстанда баспананы жалға алу құны өсті

2019 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,6%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,5%-ға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,3%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,5%-ға жоғары болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті.

Жаңа үйлерді сату бағасы бір жылда 3,2%-ға, тұрғын үйлерді жалға алу бағасы бір жылда 7,3%-ға артты.

                                        Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі
                   кезең соңындағы мәлімет, былтырғы желтоқсанға қарағанда, пайызбен,
                                                                                                  өсуі +, төмендеуі —
2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019,
қаңтар
Жаңа тұрғын үйлерді сату 7,1 12,1 9,6 11,5 15,8 -3,6 1,3 2,6 0,6
Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 4,3 16,8 13,8 17,6 9,1 -0,7 -1,6 1,9 0,3
                                            Тұрғын үй нарығындағы баға
                                                                               пайызбен, өсуі +, төмендеуі —
1 шаршы
метрінің
бағасы,
теңге
2019 жылғы қаңтар
2018 жылғы
желтоқсанға қарағанда
2018 жылғы
қаңтарға қарағанда
2015 жылғы
желтоқсанға
Жаңа тұрғын үйлерді сату 277 368*)          0,6       3,2        0,8
Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 189 127          0,3       2,0       -0,2
Абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 118 834          0,5       3,1        5,7
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 421         1,5      7,3       11,4
*⁾ Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы

k07-02-2019-1

Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматыда, Шымкентте және облыс орталықтарында құрылыс компанияларының және қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.