Ақмола облысында 39 баланың әкесі тұрады

Серік пен Жаңылғанның отбасында бүгінде отыз тоғыз бала бар. Бауырларына басқаны 34, бесеуі туған перзенттері. Асырап алғандар – тоғыз түрлі ұлттың өкілдері.

Көп бала асырап алуына ерлі-зайыптылардың өзідерінің де бала жастан жетімдікті көруі себеп болған. Отағасы 1-топтағы зағип жан әрі құлағының да мүкістігі бар. Соған қарамастан әйелі екеуі түрлі ұлттың балаларына бар білгендерін үйретуде. Балалары да отбасы бақытын сезеніп, ата-аналарына барынша қолғабыс көрсетіп жүр, деп хабарлайды 31.kz.

«Өзім кішігірім ассамблея деп, соны мақтан етемін. Асырап алған, туған не тумаған бала деп есептемейміз. Өйткені балалардың кінәсі жоқ. Балаларды біз сырттан да, даладан да, подвалдан да, детдомнан да, жетімдер үйінен де алып отырдық», — дейді Бұланды ауданының тұрғыны Серік Әкімжанов.

Тоғыз ұлт өкілінен болған балалардың есімі түгелдей қазақшаландырылған. Серік пен Жаңылған 39 баланың ата-анасы ғана емес, 18 немеренің ата-әжесі. Олар бүгінде 39 баланың тең жартысын құтты орындарына қондырған.

ДереккөзBnews.kz