Паралимпшілерге берілетін сыйақы көлемі қанша?

Паралимпиялық ойындар қатысушыларына төменде көрсетілген мөлшерге сай 2008 жылы 19 ақпанда «Паралимпиялық ойындарда көсеткен жоғары жетістіктері үшін спортшыларды және жаттықтырушыларды материалды ынталандыру бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша:

І орын алған спортшыға — 50 мың АҚШ доллары;

ІІ орынға — 35 мың АҚШ доллары;

ІІІ орын иегеріне 25 мың АҚШ доллары беріледі.

Сондай-ақ, IV орын алған паралимпиадашы 14 мың, V орын — 6 мың, VI орын иегеріне 4 мың АҚШ доллары беріледі, деп жазады massaget.kz.

Айта кетейік, Риодағы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 11 спортшы аттанған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 16-орында келеді. Жарыс 17 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

ДереккөзҚазАқпарат