Алдағы тәуліктерде 45 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК мамандары 5-7 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Жайық аймағынан жылжып келе жатқан атмосфералық фронттармен және Қазақстанның басым бөлігіндегі оңтүстік циклонмен бірге қар жауып, бұрқасын, күшті ұйытқымалы жел соғады, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ болады.

Бірақ бұдан кейін Кар теңізінде орналасқан антициклонмен байланысты Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45 градус аяз болады. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін төмендейді.