Бауыржан Байбек айлық табысы туралы жариялады

«Айына 600 мың теңге. Бұл биліктің бекіткен бағасы. Мұның ешқандай құпиясы жоқ» дейді Алматы қаласының әкімі.

Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айлық табысы туралы ашық айтқан болатын. Оның айлық табысы 863 мың теңге. Сондай-ақ орынбасары Ғали Исқалиев айына 461 мың теңге алса, Жанабай Бексары 503 мың теңге, Асқар Биахметов 507 мың теңге, Асқар Шериязданов – 511 мың теңге, Мұхтар Жұмағазиев – 518 мың теңге алатыны туралы жарияланған.

Қазақстанда әкімдер арасында ең жоғары айлық табыс Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеквке тиесілі — айына 953 мың теңге. Ал ең аз айлық табыс Қызылорда облысының әкімі Архимед Мухамбетовте — айына 600 мың теңге.

Дереккөзbnews.kz