Тұңғыш Президент саябағының алдындағы мұзайдын

Аумағы 850 шаршы метр болатын мұзайдын тәулік бойы ашық тұрады. Алайда жалға беру пункті сағат 22.00-де жабылады.

  • Мекенжайы: Сайын және Дулати көшесінің қиылысы;
  • Құны: тегін, конькиді жалға алу — 700 теңге (екі сағат).

«Медеу» мұзайдын

«Медеу» — Алматыдағы ең үлкен мұзайдын. Оның көлемі — 10 500 шаршы метр. Мұзайдын үш мың адамға есептеліп салынған.

  • Мекенжайы: Горная көшесі, 465;
  • Уақыты: дүйсенбі күні мұзайдын жабық болады. Қалған күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. 16.00-18.00 аралығында техникалық үзіліс;
  • Құны: ересектерге — 1800 теңге, жастарға (13-23 жас) — 800 теңге, 7-12 жастағы балаларға — 400  теңге. Зейнеткерлер мен 7 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

«Март» сауда ойын-сауық орталығының маңындағы мұзайдын

Мұзайдын екі техникалық үзіліспен тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді (мұзайдынның жағдайына байланысты). Жалпы ауданы — 722 шаршы метр.

  • Мекенжайы: Рихард Зорге көшесі, 18/1;
  • Уақыты: тәулік бойы, коньки сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жалға беріледі;
  • Құны: тегін, конькиді жалға алу 700 теңгеден (екі сағат).

Mega Ice жабық мұзайдын

Mega Ice — Mega Almaty ойын-сауық орталығындағы жабық мұзайдыны. Бұл айдын, тіпті, жазда да ашық болады. Онда көркем гимнастикадан, мәнерлеп сырғанаудан, хоккейден түрлі байқау ұйымдастырылып тұрады.

  • Мекенжайы: Розыбакиев көшесі, 247 а;
  • Уақыты: күн сайын 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Құны: ересектерге — 700 теңге (30 минут) немесе 1000 теңге ( 1 сағат), балаларға — 300 теңге, зейнеткерлерге тегін.

Mega Park аумағындағы мұзайдын

Mega Park аумағындағы футбол алаңы қыс бойы мұзайдын ретінде жұмыс істейді. Аумағы — 1050 шаршы метр. Коньки тебуді үйреніп жүргендерге инструкторлар көмектеседі.

  • Мекенжайы: Мақатаев көшесі, 117 а;
  • Уақыты: жұмыс күндері 12.00-ден 23.00-ге дейін, демалыс күндері 10.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • Құны: ересектерге — 1000 теңге, студенттерге — 800 теңге. Kонькиді жалға алу — 500 теңге.

«Атакенттегі» мұзайдын

Бұл — 2018 жылдың қараша айында атақты тиіннің жанынан ашылған мұзайдын. Конькиді жалға беру пункті бар.

  • Мекенжайы: Тимирязев көшесі, 42;
  • Уақыты: тәулік бойы, коньки сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жалға беріледі;
  • Құны: кіру тегін, конькиді жалға алу — 700 теңгеден (екі сағат).

«Алматы Арена» спорт кешенінің мұзайдын

Универсиададан кейін қолданысқа берілген «Алматы Арена» спорт кешенінде үлкен мұз айдыны бар. Мұнда кіру құны сеансқа байланысты. Студенттер мен оқушыларға жеңілдіктер қарастырылған.

  • Мекенжайы: Алғабас-1 ықшамауданы, 7;
  • Уақыты: апта бойы сағат 11.00-ден, 23.00-ге дейін;
  • Құны: кіру құны 500 теңгеден бастап, 1600 теңгеге дейін, конькиді жалға алу құны 1000-2000 теңге аралығында.

Halyk Arena мұз сарайы

«Халық Арена» — мұз сарайы 3000 адамға арналып салынған мұз айдыны. Мұнда мінсіз мұз, әдемі әуен, жаңа конькилерді жалға беру қызметі бар.

  • Мекенжайы: Құлжа тракті — 2
  • Уақыты: жұма күндері сағат 20.00-ден, 22.00-ге дейін. Сенбі, жексенбі күндері 11.00-ден, 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Құны: 11.00-13.00 аралығында балаларға кіру құны — 300 теңге, студенттер мен ересектерге — 500 теңге. 14.00-16.00 пен 17.00-19.00 аралығында балаларға — 500, студенттерге — 800, ересектерге — 1000 теңге.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!