Астана университетінде халықаралық қатынастар мамандығында білім алып жатқан 21 жастағы Ангелина Лукас мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогінде алтын алды.
Мұнайлы елдер арасында өткен бокстан әлем кубогі Социалистік еңбек ері Фарман Салмановты еске алу құрметіне өтті. Жарыс Юграда 13-16 желтоқсан аралығында болған.
Ангелина Лукас Ресей мен Латвия, Польшадан келген қарсыластарын жолда қалдырды.
Барлық күрес қиын әрі күрделі болды. Қарсыластарым абыройлы спортшылар. Мен бокстасқан күн Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне сәйкес келді. Бұл маған тәуелсіз еліме жеңіс әкелуге үлкен күш берді. Бұл жеңісімді еліме арнадым, – дейді спортшы.
Ангелина Лукас осы күнге дейін әлем чемпионатына екі рет қатысты. Болашақта Олимпиада ойындарына қатыссам деп армандайды.
Спорт пен оқуды қатар алып жүрген Ангелинаны «Астана» университеті мен достары мақтан тұтады және алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.