Британияның Линкольн және Ланкастер университетінің зерттеушілер тобы Android және iOS операциялық жүйелерінің базаларында жұмыс істейтін 500-ден астам смартфон пайдаланушысына зерттеу жүргізген. Сол арқылы олардың мінез-құлықын, әдеттері мен көзқарастарын анықтауға тырысқан.

Зерттеу қорытындысы бойынша, смартфонына қарап, иесінің кейбір қасиеттерін көруге болады.  Мысалы, «Android тұтынушылары iPhone-ды сатып алатын адамдарға қарағанда шынайы», — дейді зерттеушілер. 

iPhone құрылғыларын көбіне жастар пайдаланады әрі олар — қоғамға ашық тұлғалар.

Зерттеу нәтижелерінің тағы бір қорытындысы бойынша, iPhone құрылғыларын ерлерге қарағанда әйелдер екі есе көп сатып алады. Android смартфондарын көбіне егде жастағы адамдар қолданады екен.

Смартфон
Фото: inform.kz

«Смартфон — иесінің шағын нұсқасы»

Адамның жеке таңдауы оның мінез-құлқын, қасиеттерін көруге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің бірі Хизер Шоу смартфон өз иесінің шағын-цифрлық нұсқасына айналғанын айтады.

Көп адам смартфонын өзге біреудің алғанын немесе қарағанын ұнатпайды. Неліктен? Себебі телефоны арқылы оның иесі туралы мінездеме беруге болады, — дейді зерттеуші.

Кей адамдар смартфондарына белгілі бір мәртебенің индикаторы ретінде қарайды. Осыған орай университет зерттеушілері адамның сырт келбеті мен мінез-құлқына қарап, оның қандай смартфон пайдаланатынын анықтайтын компютерлік бағдарлама әзірлеп шығарды.

Біз адамдарға өздері туралы бірнеше сұрақ қойып, статистикалық модель құрдық. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бағдарлама 70% жағдайда адамның қалтасында қандай телефонның бар екенін анықтайды, — дейді авторлардың бірі Дэвид Эллис.

Статистика

  • Бүкіл әлемде сатылатын смартфондардың 90%-ы Android немесе iOS жүйесінде жұмыс істейді;
  • Әлемдегі ең танымал операциялық жүйе — Android. Оның әлемдік нарықтағы үлесі — 88%;
  • Екінші орында IOS. Оның нарықтағы үлесі — 12%.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!