ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 24 желтоқсандағы қаулысымен азаматтық қызметшілерге және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазынашылық кәсіпорындар жұмысшыларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілді.
Құжат бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнымен бастауыш, негізгі және жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар мұғалімдерінің жалақысы өзгереді. Оларға 30%-дық үстемеақы қарастырылып отыр.
Үстемеақы белгілеудің тәртібі мен шартын білім беру саласындағы өкілетті орган анықтайды. Үстемеақы мұғалімнің нақты жүктемесіне қарай лауазым бойынша қызметақыға қосылады. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын және педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор сияқты педагогикалық шеберлік біліктілігіне ие мұғалімдердің де еңбекақысы көбейеді. Мұндай мамандарға біліктілігіне және нақты еңбек жүктемесіне қарай 30-дан 50%-ға дейінгі көлемде үстемеақы қарастырылған.
Үкіметтің тиісті қаулысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.