«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сапа менеджментінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі сертификатын алды. Аудитті Солтүстік Американың сәйкестікті растау жөніндегі органдарының ТОП-10 қатарына кіретін Orion Registrar, Inc (US) америкалық компаниясы жүргізген.
Сертификатты қолдану саласы: «Урбанистика саласындағы консультациялық қызметтер. Қала жобаларын цифрландыру. Қала жобаларының қаржылық сараптамасы. Азаматтар мен қала әкімшілігі арасындағы өзара әрекеттестікті басқару — Open Almaty«.
Сертификат Алматыны дамыту орталығының ашықтыққа, тиімді басқару шешімдеріне, деректердің шынайылығына, сонымен бірге өзінің қызмет бағытында көшбасшылыққа ұмтылуға кепілдік беретінін растады.
Жүргізілген аудит орталық жұмысының түрлі аспектісін қозғады: стратегиялық басқару, қызметкерлерді, құжаттаманы басқару және тағы басқа.
Сертификаттау процесі салалық құзыреттілікті міндетті түрде сақтауды талап етеді: Алматыны дамыту орталығының процестерді тиісті деңгейде орындауға қабілетті командасы бар ма, қызметкерлер арасында жауапкершілік пен өкілеттіктер дұрыс бөлінген бе, бақылаудың тиімді жақсы жолға қойылған жүйесі айқындалған ба, құжаттар жоғалудан немесе тиісінше пайдаланбаудан қорғалған ба, оларды сақтау мерзімдері мен жою тәртібі сақтала ма — қызметтердің сапасын үздіксіз жақсартуға және әріптестер мен клиенттердің қанағаттануын арттыруға мүмкіндік беретін осы және өзге де аспектілер қаралды. Жалпы алғанда, сертификаттық аудиттен сәтті өту ұйым басшылығы мен қызметкерлерінің сапа менеджменті жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін ұстанатынын және Алматыны дамыту орталығы бөлімшелерінің жұмысын жақсартуға стратегиялық ұмтылысын куәландырады, — деді Orion Registrar, Inc негізгі клиенттер жөніндегі менеджері Ақтан Нүсібәлиев.
ISO 9001:2015 стандартының талаптарын енгізу мұндай сертификаты жоқ ұйымдар алдында басымдықты арттырады, отандық және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтеді, сонымен бірге тендерлер мен сатып алуларда артықшылық береді.
Бүгінде Алматыны дамыту орталығы аймақтық және шетелдік компаниялармен мемлекеттік-жекеменшік жобаларына сараптама жүргізу, қалада қолайлы орта құру тұжырымдасын әзірлеу, цифрлық кеңістікті қалыптастыру және дамыту, сонымен бірге процестерді құру және билік органдары мен халық арасындағы өзара әрекеттестікті реттеу бөлігінде ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Алматы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы №2/331 қаулысы негізінде жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. Миссиясы — ең үздік әлемдік тәжірибе мен әдістерге сүйене отырып, Алматыны тұрақты дамыту. Мақсаты — қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.