Алматы басқармаларында цифрлық технология кеңінен қолданылып келеді

Алматының 2019 жылғы бюджеті бекітілді. Оның жалпы көлемі – 525,2 миллиард теңге. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Он ай ішінде экономика 3,2 пайызға өсті. Өндіріс өнімін шығару 2,8 пайызға, құрылыс көлемі 4,7 пайызға, тұрғын үй 21 пайызға, инвестиция 17,8 пайызға артты. Қала бюджетіне өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,7 пайызға көп салық жиналды мемлекеттік қолдау барысында 30 мың жұмыс орны құрылды. Көп жылдан бері алғаш рет жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға төмендеді.

Алматы әкімі басты бағыт экономика құрылымын жүйелі өзгерту екенін айтты. Сараптама барысы IT-технология мен электронды коммерция бар жерде сауда мен қаржы секторының сығымдалуын көрсетуде. Бұл – Алматы экономикасының 42 пайызы. Сондықтан мегаполисте жоғары интеллектуалды сектор мен туризмге жұмысшы күші тартылады.

Қала басқармаларында цифрлық технология кеңінен қолданылады. Қазірдің өзінде Оқиғалы орталықтың тұғырнамасы жасалды, оған 20 қалалық жүйе қосылады. Сонымен бірге big data құрылды. Нақтылы уақыт бойынша көлік және жаяу жүргінші ағынына, қоғамдық көліктің, балабақшалар мен мектептердің, қала бюджетінің жүктемесіне, қаланы дамытудың 1200-ден астам индикаторына мониторинг жүргізіледі, – деді мегаполис басшысы.

Алматы бюджеті Президенттің Жолдауы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындауға көбірек бағытталды. Оның ішінде электронды сауда, көлік инфрақұрылымын цифрландыру да бар.

2019 жылы бес ықшам ауданда 22,6 шақырым жол салынады, 170 шақырым жол жөнделеді. Егер биыл 575 аула абаттандырылса, 2019 жылы тағы 600 аула жаңарады. МЖӘ аясында көше жарықтары толық модернизацияланады. Қазірдің өзінде жарық көздерінің 30 пайызы диодты шамдарға ауыстырылған. Жаңа көшелер ғана емес, тротуарлар да жарық болуда. 2019 жылдан бастап декоративті-гүлді және вертикалды жасылдандыру іске асады, 12 мыңнан астам ағаштар мен бұтақтар отырғызылады. Сел қаупінің алдын алу үшін моренді көлдердің мониторинг станциясы цифрлы жүйесінің алғашқы кезегін енгізу басталады.