Басты бетЖаңалықтарАлматыда электр...

Алматыда электр энергиясының бағасы төмендеді

Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы бағасының өзгеруіне байланысты «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясы тарифтерінің төмендейтінін хабарлады.

Алматы облысы мен Алматының тұтынушылары үшін мынадай тарифтер қолданылады:

  1. Алматы облысы мен Алматы тұтынушылары үшін электр энергиясына экономикалық негізделген тариф қосымша құн салығынсыз (ҚҚС) 1 кВт/сағат үшін 15,90 теңге (12% ҚҚС-мен 1 кВт/сағат үшін 17,81 теңге).
  2. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 20.02.09 жылғы №57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес есептелген Алматы мен Алматы облысының электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жеке тұлғаларының электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтің мөлшерлемелері:

1. Бірінші деңгейдегі тариф — 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 14,76 теңге (1 кВт/сағат үшін ҚҚС-мен 16,53 теңге);

2. Екінші деңгейдегі тариф — 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 19,08 теңге (1 кВт/сағат үшін ҚҚС-мен 21,37 теңге);

3. Үшінші деңгейдегі тариф — 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 23,85 теңге (1 кВт/сағат үшін ҚҚС-мен 26,71 теңге).

Тұтынылған электр энергиясының есеп айырысуына экономикалық негізделген тарифке тең тариф 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 15,90 теңге (1 кВтс. үшін ҚҚС-мен 17,81 теңге) келесі тұтынушылардың санаттары үшін белгіленеді:

1. Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді пайдаланбайтын тұрмыстық тұтынушылар;

2. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;

3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.

ДереккөзInform.kz