Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба кеңсесі енгізген жаңашылдықтардың бірі – Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп, Open space технологиясын енгізу арқылы жоба кеңсесі мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты орнату форматын өзгерту. Бұл технология тұрғындардың кабинеттерді араламай-ақ, тез арада сапалы қызмет алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба кеңсесі алғашқы медициналы-санитарлық көмек көрсету орталықтарын азаматтар үшін ыңғайлы етуді қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді.
Жаңғырту жұмыстары барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарында жүргізілді. Жаңғырту қаржы шығыстарын оңтайландыру аясында жүрді. Оның нәтижелері бойынша барлық емханаларында қосалқы қызмет аутсорсингтерге берілді, соның арқасында жылына шамамен 300 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік берді, — деді Жазира Жылқышиева.
Үнемделген қаражат есебінен емханаларға сандық ақпараттық дүңгіршектер, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін навигация жүйесі, балалар алаңы, бірыңғай брендбук, ресепшндер, суы бар диспенсерлер орнатылып, ең бастысы – ішкі құжаттар мен пациенттердің амбулаторлық карталары цифрландырылды. Сонымен қатар, Жылқышиеваның айтуынша жобаның қамқорлығымен ведомстволық бағыныстағы мекемелерді оңтайландыру жүргізілді. Мысалы, балалар үйінің әкімшіліктері және № 54 мектеп-лицей шығыстарды оңтайландыру нәтижесінде 150 миллион теңгені үнемдеді. Үнемделген қаржы есебінен оқушылар үшін жаңа заманауи кабинеттерді ашуға, мекеме қызметкерлеріне үстеме ақы белгілеуге мүмкіндік берді.