Еnergyprom.kz 2018 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстанда кеңселерді жалға алу құны қаншалықты өзгергенін жария етті.

D санатты бюджеттік кеңселерді жалға алу төлемі былтырмен салыстырғанда 73,9%-ға артып, шаршы метріне 1610 теңге болған. В санатындағы кеңселерді жалға алу 7,4%-ға қымбаттаған, шаршы метрінің құны — 2776 теңге. А санатындағы зәулім (элита) кеңселер, керісінше, арзандаған — шаршы метрінің құны 4147 теңгеден болып тұр, яғни жалға алу бағасы 0,2%-ға төмендепті.

Дүңгіршектерді жалға алу құны бір жыл ішінде 27,1%-ға төмендеген: шаршы метрі — 3460 теңге, дәріханаларға арналған бөлмелердің шаршы метрі 3766 теңге болған, яғни бір жылда баға 19%-ға төмендеген, дүкендерді жалға алу құны 15,8%-ға төмендеді, қазір мұндай орындардың әр шаршы метрі орташа есеппен 2239 теңге тұрады.

Бутик
Фото: Etoday.ru

Сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді жалға алу құны болса, керісінше, жоғарылаған. Бутиктердің шаршы метрін жалға алу 5363 теңге тұрады, бір жыл ішінде баға 3,8%-ға өскен.

Қоғамдық тамақтану орындарына келсек, мейрамханаларды жалға алудың айлық төлемі 26,9%-ға төмендеген, қазір шаршы метрі — 2065 теңге. Дәмханаларды жалға алу құны 14,6%-ға азайған, шаршы метрі — 2434 теңге. Асханаларды жалға алу 11,8%-ға арзандады, шаршы метрі — 1693 теңге.

Тұрмыстық сервис бөлмелерінен шаштараздар мен сұлулық салондарын жалға алу төлемі 1%-ға ғана өскен: шаршы метрі қазір 2657 теңге тұрады.

Бильярд залдарын жалға алу 46,9%-ға арзандап кеткен, ондай бөлмелердің шаршы метрі 858 теңгеге түсті. Фотосалондарды жалға алу да арзандады, шаршы метрі 4422 теңге тұрады, яғни баға 16,6%-ға төмендеді. Химиялық тазалау және кір жуу орындарын жалға алу құны 12,7%-ға төмендеді (шаршы метрі — 4314 теңге), фитнес клубтары мен тренажер залдары 9,4%-ға арзандады, шаршы метрі 1278 теңге тұрады.

Қойма
Фото: Skladsochi.ru

Қоймаларға келсек, С санатындағы орындарды жалға алу 6,2%-ға (шаршы метрі 941 теңгеге дейін), В санатындағы зат сақтау орындары 6%-ға (шаршы метрі 1482 теңге) қымбаттаған. А санатындағы қоймалар 4,2%-ға арзандады, шаршы метрін жалға алу құны — 2618 теңге. D санатындағы қоймаларды жалға алу бағасы 2%-ға төмендеді (шаршы метрі 601 теңгеге дейін).

Автокөлік жуу орындарын жалға алу бірден 38%-ға қымбаттаған (шаршы метрі 991 теңгеге дейін), техникалық қызмет көрсету станцияларын жалға алу бағасы 1,5%-ға төмендеді (шаршы метрі 845 теңгеге дейін).

Өндіріс цехтарын жалға алу құны 9%-ға көтерілді, шаршы метрі — 975 теңгеге дейін. Өнеркәсіп базаларының шаршы метрі 773 теңгеге дейін арзандады (25,4%).

Жерүсті паркингтерінің жалға алу құны биыл шаршы метріне 705 теңгеге дейін төмендеді (60,6%-ға арзандаған), жерасты тұрақтары 38,7%-ға арзандаған, шаршы метрі — 3305 теңге.

Валюта айырбастау орындарын жалға алу бағасы көтерілді — шаршы метрі 5920 теңгеге дейін (32,2%). Банк филиалдары үшін ғимаратты жалға алу 0,8-ға қымбаттады (шаршы метрі — 5932 теңге).

Қаңтар-қараша айларында елімізде кеңселер үшін 4,2 мың нысан пайдалануға берілген. Бұл — былтырға қарағанда 2,7%-ға аз. Жаңадан салынған нысандардың 1100-і — сауда орны, олардың саны былтырға қарағанда 5,5%-ға көбейіп отыр. Сауда кеңселеріне арналған орындардың көбін жеке компаниялар салған.

Кеңсе офис
Фото: Тopdom.ru

Жаңадан салынған ауыл шаруашылығы нысандарының саны 33%-ға көбейген — 274, мәдениет пен ойын-сауық кеңселері 25,6%-ға артты — 157, өнеркәсіп кеңселерінің саны 455 болды, яғни 24,3%-ға көбейген. Мәдениет пен ойын-сауық кеңселерінің 58-ін мемлекеттік компаниялар пайдалануға берген.

Биыл пайдалануға берілген кеңселердің 83-ін (18,2%-ы) шетел компаниялары тұрғызған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!