Angel-in-us

Angel-in-us
©Tengrinews.kz

Жұмыс істейтін орын таңдарда қызметкерлер алдымен жақсы жылдамдықпен жұмыс істейтін wi-fi іздейтіні белгілі. Аталған кофеханада бұл жағынан уайымдамасаңыз да болады. Сондай-ақ, Angel-in-us кофеханасында тұтынушылар күнделікті жаңа газет-журналдар мен кітаптарды кездестіре алады. Кофехананы Алматы қаласының мына мекенжайы бойынша таба аласыз:

  • Абылай хан даңғылы 92A
  • Mega Park ойын-сауық орталығы (Сейфуллин даңғылы 483)
  • Mega Center Alma-Ata ойын-сауық орталығы (Розыбақиева көшесі 247A)

Mandy’s Diner

Кофехана Алматы
©sxodim.com

Mandy’s Diner-дің стилистикасы мен асханасы америкалық дәмханалардың стилінде жасалған. Мұнда ыстық кофе мен хот-догтың түр-түрін табуға болады. Тыныштықта отырып жұмыс істеуді қалайтындар үшін Mandy’s Diner тиімді болмақ. Бұл орталықта өте дәмді, қолжетімді әрі тыныш атмлсферасымен ерекшеленеді.

Ескерте кететін тағыбір ерекшелік, Mandy’s Diner-де таңғы ас сатып алсаңыз, кофе күні бойы тегін құйылып беріледі. Кеш тұратын қызметкерлер тәуліктің кез келген уақытында осы жерден таңғы ас іше алады.

Mandy’s Diner-ті Абай даңғылы 17\130 мекенжайы бойынша таба аласыз.

Marrone Rosso

Marrone Rosso
©Zenge.kz

Танымал кофеханалар желісі өз тұтынушыларын фирмалық тоқаштарымен қуантып келеді. Кофеханада сатылатын нан өнімдері тарихы тереңде жатқан жеке фабрикасында өндіріледі.

Өнімді еңбек етіп, сабақ оқу үшін Marrone Rosso таптырмайтын орын. Бұл жерде ыңғайлы үстелдер мен орындықтар, тоқ көзін беретін розеткалар мен жылдамдығы жоғары ғаламтор желісі бар. Жаз мезгілінде күн көзінде отырып жұмыс істеуге арналған жазғы алаң да қарастырылған.

Аталған мекемені Алматы қаласында Фурманов көшесі 149 және Абай даңғылы 42 мекенжайы бойынша таба аласыз.

Cafeteria

Cafeteria Almaty
©sxodim.com

Cafeteria-да кофеханалар бірнеше бөлімдерге бөлінген. Жұмыс істеу үшін баратын тұтыншуыларға «Кітапхана» бөлімі ыңғайлы. Бұл бөлімнен түрлі ктаптар, танымал газет-журналдар табуға болады. «Кітапхана» бөлімінде кәдімгі кітапханалардағыдай тыныш атмосфера орнаған. Cafeteria Алматы қаласы, Байсейітова көшесі 32-үйде орналасқан.