Сұлулық салоны

Қазақстандағы ең табысты бизнес ретінде сұлулық салоны мен шаштараз қызметтерін айтуға болады.

Әйгерім Жаңабаева салоны
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Біраз уақыт бұрын сұлулық салонын ашқан Ботагөз Нұрлыбекқызынан сұхбат алған едік. Оның айтуынша, қазір Алматыдағы сән салондары арасында бәсекелестік жоғары және нарықта шаштараз мамандар жетіспейді.

Біздің салонда дәрігер, заңгер, есеп және аудит, туризм саласын меңгерген адамдар жұмыс істейді. Демек, мамандарымыздың барлығы жоғары білімді. Бірақ қоғамдағы сұранысқа сай өз таңдауын жасаған, сұлулық әлемінде білімдерін шыңдап, жоғары жалақы алып жүргендер, — дейді Ботагөз Нұрлыбекқызы.

Әйгерім Жаңабаева салоны
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Табыс: Кейіпкеріміздің айтуынша, кез келген бизнесте алғашқы капиталды білімге салу керек. Одан бөлек, сұлулық салонын косметикамен қамтамасыз етуге ғана 200-300 мың теңге кетеді. Сұлулық салонын ашуға арналған мекемені жалға алу, визажистерді оқыту, құжаттарды реттеу мен тағы басқа шығындарға 1 миллион теңгедей қаражат қажет. Сонымен қатар жұмысшыларға төленетін жалақы мөлшері бар. Олардың жалақысы 2 түрлі болады: тұрақты және келісілген. Бірақ көпшілігі екінші нұсқа бойынша жұмыс істейді. Әрбір клиент табысының белгілі бір пайызын алып отырады, яғни қаншалықты көп жұмыс істесе, көп табыс табады.

Сән салондарына экономикалық өзгерістерден келетін зиян жоқ. Себебі кез келген тұрғын үшін шаштараз бен визажистің қызметі қай уақытта болмасын қажет.

Ломбард

Мұндай қызмет түрі бүгінде сұранысқа ие және өте танымал. Кез келген құнды заттарды немесе техниканы кепіл ретінде қабылдап, үстіне пайыз қосу арқылы пайда көру табысты бизнеске айналып отыр.

Алтын әшекейлер
Фото: Lombard-capital.com.ua

Табыс: Қарыз бір айға рәсімделеді. Пайыздық мөлшерлеме сомасына байланысты күніне 0,36-0,4 пайыз, егер уақытынан кешіксе, бір пайызға өседі. Кепіл ретінде бұйрықта көрсетілген техникалар (ұялы телефон, фотоаппарат, ноутбук, тағы басқа) және алтын қабылданады. Бизнестің қанша табыс әкелетіні ломбардтың орналасқан орнына және сұранысқа байланысты.

Шығын: Ломбард ашу үшін өтініш білдіріп, қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін тіркелу үшін 6,5 АЕК көлемінде комиссия төленуі тиіс. Ал алғашқы жарғылық капитал сомасы 100 АЕК болады. Сонымен бірге орналасқан жеріне байланысты ғимаратты жалға алу құны бар.

Фотобизнес

Фото: blog.vigbo.com

Табыс: Фотосессия құны сағатына 10 000 теңгеден 100 долларға дейін тұрады. Ол фотографтың кәсібилігі мен көрсетілетін қосымша қызметтеріне байланысты. Ал тойда суретке түсірушілер әр тойдан шамамен 20-30 мың теңге пайда көреді.

Шығын: Фотоаппарат құны — орташа есеппен 80 мың теңге. Принтер — 20-30 мың теңге. Суретті шығарып немесе көшіріп беруге парақ пен дискілер қажет. Оған айына 20-50 мың теңге кетеді.