Күн ысыған сайын көлік жуғыштардың қатары көбейіп кетеді. Кейбіреулер көлікті жиі шаң басатынын айтса, енді біреулері мұндай әрекетке салқындау үшін барады.

Жаз айлары қанша ыстық әрі қапырық болғанымен, түнде ауа температурасы күрт төмендейтінін ұмытпаған жөн. Ауа температурасының жылдам ауытқуы көлікте қалған су қалдықтарының кесірінен көлігіңізде сызат пайда болуы мүмкін.

Көліктің ішін қалай жуу керек?

Көліктің ішкі жағын не істеу керек? Дөңгелектің маңайы, көліктің асты, басқа да бөлшектерді қалай тазалаймыз? Оларды да жуған дұрыс па? Көлік жуғыштар мұны жуған дұрыс, жол реагенттерін жоюға көмектеседі деп міндеттейтіні белгілі. Шанақтың таза болғанына қарай тот басу да аз болады. Бір жағынан орынды, екінші жағынан дұрыс емес.

Көлік жуу
©pesochnya.com

Жақсы жуылған көліктің бұрыштары ауаны қабылдап, ылғалмен және тұзбен байланысқа түсіп, химиялық реакциялар жеделдей түседі. Бұған дейін жиналған кір ештеңе өткізбей тұрған болса, таза көлік тұзды мақта тәрізді сорып алады. Жазда көлік жуу неғұрлым жиі болса, тот басу процесі соғұрлым тездетіп жүреді.

Балауызбен өңдеу не үшін керек?

Көлікті балауызбен өңдеу
©youtube.com

Көлік жуушыларда тұздан кем емес резиналы қалыңдатқыштарға әсер ететін химиялық реагенттер жиынтығы болады. Дөңгелектерді жуған кезде тазалаушы химиялық заттардың нағыз соққысына тіреледі. Күнделікті жуу салдарынан бір жылдан соң тежеуішті суппортты ауыстыруға тура келеді.

Көбінесе көлік жуушылар тоттан сақтау үшін балауызбен өңдеуді де жиі ұсынып жатады. Бұл құрал тексеруден өткен және нәтижелі келеді. Кузовтың жоғарғы жағы балауызсыз да тотпен күресе алатыны белгілі. Ал терезе айналасы, бампер, аркадағы резиналарды балауызбен өңдеуге мүлде келмейтіні және бар. Міне, дәл сол жерлерде тот ошағы пайда болады.