«Борышкер» ЖПШ
Фото: Аstana.gov.kz

Астананың полиция департаменті қалалықтарға Жаңа жылды әкімшілік айыппұл бойынша қарызсыз қарсы алуға ұсынады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция 2019 жылдың 27 қаңтарынан бастап қала аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасының екінші кезеңі жалғасатынын еске салады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жөнінде қосымша мәліметтің бар-жоғы туралы qamqor.gov.kz сайтынан немесе 95-44-98, 76-83-65 анықтама телефондары, 8-776-197-23-48 WhatsApp мессенджерінің номері арқылы білуге болады. Сондай-ақ, қажетті ақпаратты Астана қ, 20-40 к-сі, 4/1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінде алуға болады, — делінген хабарламада.