Астаналық боксшылар ел чемпионатына жолдама алды

Астаналық спортшылар іріктеу кезеңінде 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медальға ие болды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, астаналық боксшылар ел чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін 10 лицензия жеңіп алды.

Павлодар облысының Ақсу қаласында 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионаты өтті. Кадеттер арасында бокстан ҚР Чемпионатына лицензия алу құқығына ие болу үшін «Солтүстік-Шығыс» тобының спортшылары 14 салмақтық санатта күш сынасты. Жарысқа Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 188 спортшы қатысты, — делінген хабарламада.

Астана қаласы әкімдігінің «№3 ОРМБЖСМ-нің» құрама командасында 22 спортшы жұдырықтасты. Жарыс қорытындыларына сәйкес, елордалық боксшылар 1 «алтын» (Оралбек Абдықадыров), 2 «күміс» (Бақберген Алиасқаров, Нұрқадам Әбдірештегі) және 7 «қола» (Дулат Амангелді, Бақдәулет Бөлекбай, Ерасыл Сембеков, Дильшат Нұрмағамбетов, Темірлан Темірбеков Темірлан Аманбек және Темірлан Мұқатаев) медальді еншіледі.