«Қол көтеріңдер!» — деп кіріп келе жатқан қонақтарға «шабуыл жасады». Ұлы Отан соғысының 92 жастағы ардагері Михал Михалич тың әрі қуатты. Оның әзілі де жанындағыларға ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Жеңіс күні мерекесіне орай Samsung компаниясының, «Аяла» қайырымдылық қорының және Cheil Kazakhstan жарнама агенттігінің қызметкерлері алматылық ардагерлерге сыйлық таратты. Сыйлық себетінде әдеттегідей гүл және тәтті тағамдар болды.
Бірақ ардагерлер көңіл бөлгенге ерекше қуанды. Тізімде 67 ардагер бар, олардың көбі жалғыз тұрады екен. Сол себепті де қарттар көбірек әңгімелескісі келеді. Samsung компаниясы мен «Аяла» қайырымдылық қорының қызметкерлері жыл сайын тізімді жаңартады. Олардың қатары уақыт өткен сайын азайып барады…
Бұл — Samsung компаниясының жақсылыққа бағытталған көп бастамасының бірі. Компания оны жасы үлкендерге ғана емес, алғашқы қадам жасауға қиналатындарға да арнайды.
Биыл Наурыз мерекесі кезінде Samsung компаниясы мен «Аяла» қайырымдылық қоры Arman Dala балалар лагерін ұйымдастырды. Оған Қаскелең мен Есіктегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттың 170 тәрбиеленушісі шақырылды. Мерекелік бағдарлама бойынша балалар арқан тартысты, авиация шоуын тамашалады, монетаға бедер салуға, білезіктерге нақыш жасауды, киіз басуды, қыш құмыра жасауды үйрететін шеберлік сабақтарға қатысты. Балалар құс салып, аң аулау туралы танымын арттырды. Жыртқыш құстарды қолмен ұстап көріп, жауынгерлердің шоуын тамашалады.
Ал мамыр айында Алматыдағы бес балалар үйінің 450 тәрбиеленушісі Samsung компаниясы арнайы жалдаған Fantasy World Almaty саябағына барып, көңіл көтерді.
Күз мезгілінде аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған №10 интернаттың 50 оқушысы Samsung компаниясы және «Аяла» қайырымдылық қорымен бірге Қапшағайда жағажай маусымын аяқтады: қызық квестке қатысып, ойын автоматтарымен мергендіктерін сынады, жағажайда жасырылған қазынаны іздеді. Ең соңында батпырауық ұшырды.
Samsung ұйымдастыратын әлеуметтік көмектің ерекше тобы ауыр сырқаты бар балаларға бағытталған.
Компания Астанадағы Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығы мен Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «ақылды» сыныптар ашты. Сынып замануи білім беру жабдықтарымен қамтылған.
Samsung School — интерактив тәсілдермен білім беруге мүмкіндік ашатын сыныптардың заманауи шешімі. Оған Samsung компоненттерінің жүйесі — оқыту үрдісінің тиімділігін оңтайландыруға және жақсартуға бағытталған соңғы құрылғылар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі енеді.
Балалар жалпы білім беру пәндерін (математика, тарих, ағылшын тілі және тағы басқалары) қызық тәсілдерімен меңгереді, шығармашылықтарын дамытады — сурет салады, шахмат ойнап, лего-құрастырғыштарын қолданады, робот техникаcын да үйренеді.
Былтыр Samsung жоғары сынып оқушыларына арнап Coding Lab бағдарламалау мектебін ашты. Балалар Java тілінде бағдарламалауды үйренеді, Android платформаларына қосымша жасап шығады, компьютерлік графика мен дизайнның негіздерін үйренеді. Coding Lab-тың үзлік студенттері IT School Russia халықаралық байқауларына қатысады. Әрине, бұның барлығы тегін. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл — бағдарламалауды меңгеруге және сұранысқа ие маман болып қалыптасуға көмектесетін таптырмас мүмкіндік.
Samsung электроника нарығындағы ірі ойыншы болудан бөлек, Қазақстанда қоғамның әлеуметтік жауапты мүшесі ретінде де белсенді әрекет етеді. Біз халықтың әлсіз топтарына көмектесу үшін әлі де талай жобаны жүзеге асырамыз, жастарды да қолдаймыз, — дейді Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының қоғаммен байланыс және корпоративтік жауапкершілік жөніндегі менеджері Берік Омаров.