Winter Family Party фестивалінің басым бөлігі Тиіннің жанында ашылған тегін мұзайдында болады. Мұзайдын жаңадан ашылса да, алматылықтардың көңілінен шығып үлгерді.

Конькимен сырғанаудан басқа фестивальге қатысушыларды мәнерлеп сырғанаушылардың қойылымдары мен қазақстандық музыка орындаушылардың концерті күтеді. Бимен әуестенетіндер зумба-марафонға қатысып, ал өнерсүйерлер қалалық театрлардың қойылымын тамашалай алады.

Мереке аумағында балаларға арналған үлкен сырғанақ, ойын алаңы мен лабиринт жұмыс істейді. Сонымен бірге фризлайт, инсталляциялар мен тақырыптық сфералар орнатылады. Одан бөлек, Winter Family Party-дің жас қонақтары мастер-кластарға, ойындарға, байқаулар мен квестерге қатыса алады.

Фестивальде жұмыс істейтін фудкорттарда ыстық сусынмен сергіп, жылынуға болады. Ал жаңажылдық сыйлық сатып алып үлгермегендер үшін hand-made шеберлері өз өнімдерін жәрмеңкеге шығарады.

Салауатты өмір салтын қолдайтындар мен жаңа жылдан бастап спортпен шұғылдануды жоспарлағандар скандинав жүрісінен өтетін жарысқа қатыса алады. Ниет білдірушілер тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен табиғаттағы қысқы саяхатқа қажетті дағдыларды үйренеді.

Фестиваль іс-шараларының толық кестесін мына сайттан көруге болады: http://winterfamilyparty.kz.

Winter Family Party-дің бас демеушісі – Siberian Wellness компаниясы. Шараның серіктесі – “Atakent ҚІЫО” АҚ. Ақпараттық серіктестер: Baribar.kz ақпараттық-танымдық сайты мен Informburo.kz аналитикалық порталы.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен меймандарын мерекелік шараға қонақ болуға шақырады!

Мерекенің кестесі

 22.12.2018

11.00 – 15.00 “Еуразия” мектебінен скандинав жүрісі бойынша қысқы фестиваль

11.00 – 17.00 Unicycle.kz және Ekoleso-ның унициклмен, баланс-бордпен және моноциклмен жүруден ұйымдастыратын мастер-кластары

11.00 – 17.00 Кемпинг. Rock Pass ұйымдастыратын миниарқан паркі және “Рак на Горе”-нің фотоаймағы

11.00 – 17.00 Этносфера. Этномузыканттардың мастер-кластары, қолөнер шеберлері, минералдар коллекциясы

11.00 – 17.00 Siberian Wellness Bar сферасы

11.00 – 17.00 Тиіннің жанында “Ізгілік қоржыны” қайырымдылық акциясы

11.00 – 18.00 “Фриз лайт” сферасы

11.00 – 18.00 Балаларға арналған мастер-кластар сферасы. “Сары Шар” және Carnaval белсенді демалыс паркімен бірге жаңажылдық бұйымдар жасау

11.00-20.00 Siberian Wellness кеңсесіндегі ворк-шоптар мен мастер-кластар

12.00 – 13.00 Impro Club Triangle ұйымдастыратын аққалалары бар лабиринттегі квест

12.00 – 13.00 Мұзайдындағы отбасылық эстафеталар

12.00 – 15.00 “Аққала шыңы” экобайқауы

13.00 – 14.00 Сырғанақ төбешіктегі жарыстар мен ойындар

14.00 – 15.00 “Доңыз” интерактив алаңында “Шытырман оқиғалар уақыты” интерактив ертегісі

16.00 – 17.00 Неміс драма театрының “Щелкунчик” қойылымы

16.30 – 20.00 Сахнадағы жанды концерт

18.00 – 18.30 Сахнадағы Zumba Pixel Party

18.00 – 20.00 Мұзайдын мен Тиіндегі интерактив проекция

19.40 – 20.00  Сахна алдындағы фаер-шоу

20.30-20.40 Тиін арт-инсталляциясындағы жаңажылдық видеопроекция

23.12.2018

11.00 – 13.00 “Бункер” театрының интерактив перформансы

11.00 – 17.00 Unicycle.kz мен Ekoleso-ның унициклмен, баланс-бордпен және моноциклмен жүруден ұйымдастыратын мастер-кластары

11.00 – 17.00 Кемпинг. Rock Pass ұйымдастыратын миниарқан саябағы және “Рак на Горе”-нің фотоаймағы

11.00 – 17.00 Тиіннің жанындағы “Ізгілік қоржыны” қайырымдылық акциясы

11.00 – 17.00 Этносфера. Этномузыканттардың мастер-кластары, қолөнер шеберлері, минералдар коллекциясы

11.00 – 17.00 Siberian Wellness Bar сферасы

11.00 – 18.00 Балаларға арналған мастер-кластар сферасы. “Сары Шар” және Carnaval демалыс паркімен  бірге жаңажылдық бұйымдар жасау

11.00-18.00 “Фриз лайт” сферасы

11.00-20.00 Siberian Wellness кеңсесіндегі ворк-шоптар мен мастер-кластар

12.00 – 13.00 Мұзайдындағы отбасылық эстафеталар

13.00 – 16.00 Сахнадағы Zumba марафоны

13.00 – 14.00 Сырғанақ төбедегі жарыстар мен ойындар

14.00 – 15.00 “Доңыз” интерактив алаңындағы “Шытырман оқиғалар уақыты” интерактив ертегісі

14.00 – 15.00 Impro Club Triangle ұйымдастыратын аққалалары бар лабиринттегі квест

16.00 – 17.00 Сахнадағы “Аққала шыңы” экобайқауы (жеңімпаздарды марапаттау)

16.00 – 17.00  Сахнадағы “Жүннен жасалған кесек қар” флешмобы

17.00 – 20.00 Сахнадағы концерт

18.00 – 20.00 Мұзайдын мен Тиіндегі интерактив проекция

19.00 – 20.00 Сахна алдындағы фаер-шоу

20.30 – 20.40 Тиін арт-инсталляциясындағы жаңажылдық видеопроекция

Winter Family Party-дің сахнасында екі күн бойы 11 музыкалық топ пен артист өнер көрсетеді. Қазақстандық диджейлер мен музыканттар көңілді әрі қуанышты атмосфера жасайды.

Winter Family Party

Фестивальдің толық Line up-ы

22.12.2018

Dj Timoo – бас Dj

12.00 – 12.30 – Crazyология

16.30 – 17.00 – Anjoy

17.00 – 17.30 – Ерлан Байбазаров

17.40 – 18.00 – Moneyкены

18.00 – 18.30 – Zumba Pixel

18.40 – 19.10 – Dair Ard

19.15 – 20.00 – LampЫ Orchestra

23.12.2018

Light Monday – бас Dj

17.00 – 17.30 – The Electric Dreams

17.45 – 18.20 – Halyk Рunk

18.35 – 19.05 – We have to now

19.20 – 20.00 – Arshat

Winter Family Party-дің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары:

Facebook: Art Energy Almaty – https://www.facebook.com/artenergyalmaty

Instagram: @artenergykz – https://www.instagram.com/artenergykz