Алматылық оқушылар робототехника жарысында жеңіске жетті

Алматыда робототехникадан респубикалық IITU ROBOCON GAMES чемпионаты мәресіне жетті. Бұл туралы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Болашақ IT мамандары мен иноваторлар жарысы Алматы әкімдігінің қолдауымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті.
Нәтижесінде робокон жеңімпаздар анықталды:
1 орын — Makerspace Almaty
2 орын — Мирас
3 орын — мамандандырылған мектеп-интернат. (Қарағанды)
Өзге де үздік командалар номинациялармен марапатталды. «Үздік идея үшін» — жаңа буын мектебі NGS.  «Үздік инженерлік шешім үшін» — Қарағанды облысы білім басқармасының №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (Қарағанды), «Үздік робот операторы» — «№92 мамандандырылған лицей » М. Ганди (Алматы), «Ең тату команда» -«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» ҚҚ филиалы «Арыстан» арнайы лицейі, «Үздік робот дизайны үшін «- Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Алматы) Физика — математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі — «Ең технологиялық команда», Cent Microsystems компаниясынан роботтар дизайны үшін арнайы сыйлық — Ы. Алтынсарин атындағы №159 Гимназия, М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейі.