«Менде бәрі тамаша»

Шығарушы мемлекет: Франция

Режиссеры: Бенуа Делепин, Гюстав Керверн

Ұзақтығы: 103 минут

Рольдерде: Жан Дюжарден, Иоланда Моро, Джо Даан, Жан-Бенуа Югё, Яна Биттнерова, Эльза Фуко, Мариус Бертрам, Жоэль Сериа, Жанна Гупиль, Лу Кастель

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмдегі бас кейіпкер — Жактың жасы елуге жақындап қалған. Ол өзгелер секілді тынымсыз еңбек етудің орнына тез әрі оңай баюды армандайды. Бірақ Жактың иелігіндегі мүлік — ақ халат пен шәркесі ғана.

«Өлі/тірі»

Шығарушы мемлекет: Канада

Режиссеры: Брэндон Кристенсен

Ұзақтығы: 87 минут

Рольдерде: Кристи Бурк, Джесси Мосс, Ребекка Олсон, Джен Гриффин, Майкл Айронсайд, Шейла МакКарти, Шон Роджерсон, Грэйс Кристенсен, Дайян Снейп, Бриттани Аллен

Жанры: триллер, үрейлі

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, ежелгі аңыз бойынша жындар егіздердің тәніне иелік етуге құмар. Бас кейіпкер Мэри егіздің сыңарын жоғалтып алғаннан кейін екінші баласы үшін уайымдайды. Ал үрей күшейген сайын жындар да оны сезе бастайды.

«Джек тұрғызған үй»

Шығарушы мемлекет: Дания, Франция, Германия, Швеция

Режиссеры: Ларс фон Триер

Ұзақтығы: 152 минут

Рольдерде: Мэтт Диллон, Бруно Ганц, Ума Турман, Шиван Фэллон, Софи Гробёль, Райли Кио, Джереми Дэвис, Эдвард Спелирс, Дэвид Бэйли, Ю Джи-тхэ

Жанры: драма, үрейлі, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде Джек есімді сериялық кісі өлтірушінің оқиғасы баяндалады. Сюжет Америкада 1970 жылдары өрбиді. Джек өзінің әр қылмысын өнер туындысына балап, өзінің бес қанды қылмысын бірінші жақтан баяндайды.

«Тобыл»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Игорь Зайцев

Ұзақтығы: 119 минут

Рольдерде: Илья Маланин, Дмитрий Дюжев, Дмитрий Назаров, Павел Табаков, Андрей Бурковский, Агата Муцениеце, Екатерина Гусева, Иван Колесников, Евгений Дятлов

Жанры: драма, тарихи

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

I Петрдің жаңа гвардиясында жас офицер Иван Демарин патшаның бұйрығымен Сибирияның түбіне Тобыл шекарасына жол тартады. Мұнда Иван алғашқы махаббатын кездестіріп, Яркенда алтынын іздеп жүрген жергілікті князьдардың қастандығына тап болады.  Оның қамалын енді жабайы жоңғарлар қоршап алған.

«Қорық»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Анна Матисон

Ұзақтығы: 110 минут

Рольдерде: Сергей Безруков, Евгения Крегжде, Анна Михалкова, Гоша Куценко, Александр Семчев, Дмитрий Хрусталев, Виктор Бычков, Софья Евстигнеева, Ярослава Дегтярева, Леонид Агутин

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ән жазып, гитарада ойнаудың шебері Константин проблемаларынан қашып, «Михайловское» қорығына тап болады. Костя соңғы кезде табыссыз күн кешуге мәжбүр. Оны ешкім тыңдамайды, өзі ішімдікке құмартып кеткен. Ал әйелі мен қызы Канадаға кетуді ойлап жүр. «Маған не болды?», «Мұны қалай түзетемін?», «Менің шығармашылығым біреуге қызық па, немесе мен өзімді солай сендіріп қойғанмын ба?» деген сұрақтар енді музыкантқа маза бермей жүр.

«Үйге қош келдің»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Джордж Рэтлифф

Ұзақтығы: 97 минут

Рольдерде: Аарон Пол, Эмили Ратаковски, Риккардо Скамарчо, Кэти Луиз Саундерс, Элис Беллагамба, Франческо Аквароли, Evgeny Krylov, Игорь Михайлов, Дафна Александр, Федерико Росси

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмнің кейіпкерлері Брайан мен Кэсси — қарым-қатынасына сызат түскен жұп. Италияның бір түкпіріндегі әдемі вилла олардың сезімдерін қайта жандыруы тиіс демалыс орны болуы керек еді. Бірақ үй иесінің бұларға қатысты өз жоспары бар.