Басты бетЖаңалықтарҰлттық қауіпсіздік...

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлемінің авторитеттерін қалай ұстағанын көрсетті

ҚР ҰҚК Қазақстандағы қылмыстық топ басшылары туралы деректі фильмді жария етті. Видео бес күн ішінде 70 мың рет қаралған.

Ширек ғасыр ішінде ҰҚК қызметкерлері түрлі бағыттағы халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтарды жойды. Бұл бандалардың жетекшілері мен мүшелерінің іс-әрекеті кез келген дені сау адамның жанын түршіктіреді. Егер бандиттер түрмеге отырмаса, олар жолында кезіккендердің бәрін аяусыз өлтірер еді, — делінген фильм кадрының сыртында.

Видеода «Рыжий Алмаз» атанып кеткен Несіпбай Нәсеновтің, Аслан Усоянның («дед Хасан»), Захарий Калашовтың («Шакро молодой»), Тоқтар Төлешовтің, Еркін Ізбасаровтың, Әділ Қытайдың және басқалардың қылмысы қалай әшкереленгені баяндалады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылғалы бері және осындай қылмыскерлермен күрес жүргізіп келе жатқалы бері Қылмыстық кодекске «трансұлттық қылмыстық қоғамдастық» деген ұғымды енгізуге қол жеткен. Соңғы екі жылда түрмеге қылмыстық топтардың 60 өкілі қамалған.

ДереккөзZakon.kz