Басты бетЖаңалықтарТөрт ЖОО-ның...

Төрт ЖОО-ның ректоры ауысады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Павлодар және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттарының ректорлары лауазымдарына конкурс жариялады.

Білім ордаларының ректорларын сайлау жөніндегі ашық конкурс алғашқы рет өткізілмек.

Үміткерлерді іріктеу және тағайындау  «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ережелердің 4-1 тарауына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен талаптар «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде және www.edu.gov.kz ҚР БҒМ сайтында әрбір ЖОО бойынша бөлек-бөлек жарияланған күннен бастап 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн бойы қабылданады.

Дереккөзtengrinews.kz