Мамандардың болжауынша, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын болады. Аймақтарда оңтүстік циклонның ықпалымен қар аралас жаңбыр да болуы мүмкін.
«Бұл күндері Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдай Батыс Сібірдегі белсенді циклонмен байланысты атмосфералық ағындардың өтуі кезінде байқалады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Болжам бойынша, 24 қарашада таулы аймақтарда қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болуы ықтимал және батыстан күшті, екпінді жел соғады.