Басты бет / Жаңалықтар /
Жаңа мектеп
©Өңірлік баспасөз

Оңтүстік Қазақстандағы бірнеше мектептің аты ауыстырылды

ҚР Үкіметінің Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы «ҚР əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қаулысы бүгін баспасөз беттерінде жарияланды.

Енді «Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№120 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сабыр Рахымовтың есімімен, «Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Рахымжан Қошқарбаевтың есімімен аталады.

Сондай-ақ «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Комсомол» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

Мақалаға пікір қосыңыз