Басты бетЖаңалықтарАлик Айдарбаев...

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алик Айдарбаевты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасы ретінде таныстырды.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Алик Айдарбаев 1963 жылы қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1985 жылы «Жетібаймұнай» МГӨБ операторы болып бастаған, кейін осы өнеркәсіп орнында технолог, мұнай-газ өндіру шебері болып жұмыс істеді. «Южказнефтегаз», «Құмкөл-Лукойл», «Маңғыстаумұнайгаз», «ҚазМұнайГаз» компанияларында басшылық қызметтерде болды. 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау-өндіру» АҚ бас директоры, 2013 жылы Маңғыстау облысы әкімі, 2017 жылы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасының орынбасары болды. 2018 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет етті.

ДереккөзTengrinews.kz