Басты бетБілімАзаматтық авиация...

Азаматтық авиация академиясының студенттері Президенттің үшінші бастамасын талқылады

Азаматтық авиация академиясының студенттері «Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы» міндеттердің бірін талқылады. Дөңгелек үстелде «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрланбек Әжібаев оларға ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді.

Үшінші бастамада жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту көзделген еді.

Партия мүшелері мен студенттер кездесуі еркін диалог форматында өтті. Студенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамасына қолдау білдіретінін айтты. Академия басшылығы да жастардың жоғары білім алуына қолдау жасап жатқан Президентке алғысын айтты.

Президент 2018-2019 жылдары 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант  бөлуді тапсырды. Ол гранттардың ішіндегі 11 мыңын техникалық мамандықтар бойынша бакалаврға бөлу жоспарланды,- дейді Азаматтық авиация академиясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сәулет Серғазы.