Алматы облысында 100 шақырым жол жөнделеді

Биыл облыста тоғыз бюджеттік бағдарлама жүзеге асып жатыр. Оларды орындауға шамамен 16 миллиард теңге бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 13 миллиард теңге — облыстық бюджет қаражаты.

Жолдар мен көпірлерді салу және күрделі жөндеу жұмыстары Ақши ауылы маңындағы «Бірлік — Алмалық — Рысқұлов — Казстрой — Ақбұлақ» және «Сарыөзек — Қорғас — Қоғалы — Көксу — Қарабұлақ» бағыты бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, мекеме 100 миллионнан астам қаражаттың Қарасай ауданындағы «Қаскелең — Шамалған — Ұзынағаш» автожолының жерасты жаяу жүргіншілер жолын салуға жұмсалатынын хабарлады. Сонда-ақ Қарасай мен Іле аудандарындағы «Дмитриевка — Междуреченское — Қараой — Қапшағай — Күрті» және «Алматы — Өскемен» жолдарында көпір тұрғызу қарастырылған.
Биыл Қаратал ауданындағы «Талдықорған — Үштөбе — Быжы — Мұқыр» магистралінде, Көксу ауданындағы «Балпық би — Ақтекше» магистралінде, Жамбыл және Сарқан аудандарындағы «Ұзынағаш — Бесмойнақ» және «Екіаша — Аманбөктер» тас жолдарындағы асфальт төсемдері жаңартылады.

ДереккөзҚазАқпарат