Қазақстанда әр жыл сайын үшінші неке бұзылады

Қазақстан  Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау  мақсатында отбасы саясаты және мүдделі мемлекеттік органдар саласындағы сарапшылардың ұсыныстары негізінде 2019-2024 жылдарға арналған отбасын дамыту және қолдау жол картасының жобасы әзірленді. Жол картасы отбасын құрудың барлық кезеңдерінде кешенді ведомствоаралық жұмысты қамтамасыз етеді: некеге тұру туралы өтініш берген сәттен бастап бала туу кезеңінде де қолдау көрсету, отбасындағы дағдарыс жағдайлары және ерлі-зайыптылармен ажырасу сатысында татуластыру мәселелері қарастырылған.

«Жол картасы» іс-шаралары арқылы ажырасу көлемін 2019 жылы  41%-дан 38,2% -ға дейін, 2023 жылға қарай 30%-ға, 2030 жылға қарай 25%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Жол картасын әзірлеушілер ажырасулардың алдын алудың негізгі механизмі ретінде отбасылық соттар жанында ажырасудың айтарлықтай көп Қазақстандағы сегіз өңірінде отбасылық ресурстарды қолдау орталықтарын құруды ұсынады, — делінген ведомствоның хабарламасында.

2018 жылдың 31 қазанында Қазақстан Президенті Қазақстандағы ажырасуды азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Соңғы 10 жылда Қазақстанда 1,5 миллионға жуық ажырасу фактісі тіркелген. Әр жыл сайын әрбір үшінші неке бұзылады.

ДереккөзInform.kz