Басты бетЖаңалықтарАстанада жұмыс...

Астанада жұмыс іздеген 6 мыңнан астам адам тұрақты табысқа қол жеткізді

Астанада қаңтар-қазан айларының аралығында 9 604 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері ведомствоға жұмыс іздеп жүрген 19 904 азамат хабарласқан. Оның 10 250-і жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып, 9 604-і жұмысқа тұрды.

Тұрақты жұмыспен 6340, уақытша жұмыспен 580, қоғамдық жұмыстармен 1 767, әлеуметтік жұмыс орындарымен 181 адам қамтылды. Сонымен бірге 732 адам жастар тәжірибесі бойынша тағылымдамадан өтті. Тағы 646 адам қысқа мерзімді кәсіптік курстарда білім алып жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдың басынан бері Астанада жаңадан 20 577 жұмыс орны ашылған.