ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тенге берілген «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін» медалі туралы айтты.
Бұл — мен марапаттайтын ең жоғарғы награда. Бұл медальді беру адамға оқиғалар кезінде жасаған әрекеті үшін қарастырылады. Біз онымен қызметкерлерімізді көрсеткен ерлігі мен қызметтік міндеттемесін орындағаны үшін марапаттаймыз. Ал бұл жағдайда біз Денис Тен қылмыстың жасалуына кедергі болып, батырлық көрсетті деп есептейміз. Сондықтан өз бұйрығыммен оны медальмен марапаттадым, — Қалмұханбет Қасымов журналистердің сұрағына жауап беріп.
Еске салайық, бұған дейін Қалмұханбет Қасымов марқұм Денис Тенге қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысқаны үшін медальмен марапаттаған еді. Марапаттау салтанаты Ұлттық гвардияның Денис Тен мерзімді әскери қызмет өтеген бөлімшесінде өтті. Ұлттық гвардия бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов медальді мәнерлеп сырғанаушының ата-анасына табыс етті.
Денис Тен 19 шілде күні автоұрылардың қолынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Бұл оқиға бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Спортшының өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталып, тергеліп жатыр, олар — Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.