«Оңтүстікке саяхат»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Ержан Қабдуллин

Ұзақтығы: 91 минут

Рольдерде: Дәулет Бейсембек, Нұрсұлтан Төребеков, Арман Райқұлов, Бекзат Дүйсенов, Аманғали Сыпабеков, Қайрат Оразбеков, Николай Ашуров, Бекназар Ізбасаров, Сабина Абдумутталиева

Жанры: комедия, шытырман оқиғалы, қылмыстық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, бұл — ықпалды бизнесменнің тапсырмасымен Алматыдан Шымкентке шыққан үш дос туралы оқиға. Оңтүстікке сапар кезінде олар жаңа адамдармен танысып, үлкен проблемаларға жолығады.

«Шыңғысханның қызы XXI ғасырда»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Ильхам Джалилов

Ұзақтығы: 105 минут

Рольдерде:  Әлия Әнуарбек, Ерден Телемісов, Ақниет Орынтай

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Шыңғысханның қызы Жанчсвимнцег түсініксіз жағдайда біздің заманға тап болады. Ал Instagram жұлдызы Диана оны өзінің арам мақсатына пайдаланбақ ойы бар. Ол «Мисс Instagram» байқауында жеңіске жету үшін Шыңғысханның қызы арқылы жұрт назарын өзіне аудармақшы.

«Дон Кихотты өлтірген адам»

Шығарушы мемлекет: Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Испания, Португалия

Режиссеры: Терри Гиллиам

Ұзақтығы: 132 минут

Рольдерде: Ольга Куриленко, Стеллан Скарсгард, Адам Драйвер, Джонатан Прайс, Палома Блойд, Росси де Пальма, Оскар Хаэнада

Жанры: комедия, драма, фэнтези, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Режиссер Тобиас Граммет кезекті жарнама шедеврін іске асыру үшін шабыт іздеп, осыдан 10 жыл бұрын дипломдық жұмысын түсірген ауылға аттанады. Алғашқы фильмі Дон Кихот туралы еді. Тобиас сонда басты рольді ойнаған адамды әлгі елді мекеннен кездестіреді. Бір қызығы — ол қария өзін шынымен Дон Кихотпын деп ойлайды. Ал Тобиасты өзінің атқосшысы Санчо Пансу деп қабылдайды. Осыдан кейін екі кейіпкердің шындық пен жалғанның аражігін ажырату мүмкін емес сюрреалистік әлемге саяхаты басталады.

«Өрмекшінің торына шырмалған қыз»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Швеция

Режиссеры: Федерико Альварес

Ұзақтығы: 117 минут

Рольдерде: Клер Фой, Сильвия Хукс, Стивен Мерчант, Лейкит Стэнфилд, Вики Крипс, Камерон Бриттон, Сверрир Гуднасон, Микаэл Персбрандт, Фолькер Брух, Сюннёве Макоди Лунд

Жанры: триллер, драма, қылмыстық

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, сюжет желісі бойынша Хакер Лисбет Саландер мен журналист Микаэл Блумквист жасанды интеллект саласының белгілі ғалымының өліміне қатысты істі тергейді.

«Оверлорд»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Джулиус Эйвери

Ұзақтығы: 109 минут

Рольдерде: Уайатт Расселл, Боким Вудбайн, Йен де Кестекер, Йохан Филип Асбек, Джейкоб Андерсон, Джон Магаро, Марк Риссман, Адам Коллинз, Йован Адепо, Элен Кардона

Жанры: триллер, детектив, атыс-шабыс, фантастика, әскери, үрейлі

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, одақтастар Нормандияға түсердің алдында екі америкалық десантшы немістер жаулап алған кентке жасырын кіреді. Оларға радиоматчтаны жоюға тапсырма берілген. Енді одақтастарды фашист сарбаздары ғана емес, нацистердің экспериментінен шыққан паранормал құбылыспен бетпе-бет кездесу күтіп тұр.

«Сильвер-Лэйктің түбінде»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Дэвид Роберт Митчелл

Ұзақтығы: 139 минут

Рольдерде: Райли Кио, Грэйс Ван Паттен, Тофер Грейс, Эндрю Гарфилд, Сидни Свини, Джимми Симпсон, Рики Линдхоум, Калли Эрнандес, Саммер Бишил, Заша Мэмет

Жанры: комедия, драма, триллер, детектив, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Сэм бір қызбен танысады. Алайда ертесіне ол қыз жоғалып кетеді. Жігіт енді оны қалай да тапқысы келеді. Өзі жүргізген зерттеу кезінде жаһандық деңгейдегі қастандық туралы біледі.

«Ол осында»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Куинн Лэшер

Ұзақтығы: 89 минут

Рольдерде: Ивонн Страховски, Анна Пнёвски, Эбигейл Пнёвски, Райан МакДональд, Джастин Бруенинг, Джулиан Бэйли, Стефани Коста

Жанры: үрейлі

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Екі қызы бар әйел көлдің жағасында орналасқан жаңа үйге көшіп келеді. Мұнда олар демалуды жоспарлап, кешке отағасын күтіп жүр. Бірақ олар бұл жер маска киген жындының мекені екенін білмейді.

«Келімсек»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Александр Куликов

Ұзақтығы: 103 минут

Рольдерде:  Андрей Смоляков, Максим Виторган, Григорий Сиятвинда, Юрий Цурило, Александр Куликов, Анна Банщикова, Евгения Шипова

Жанры: фантастика, драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Ғарыштағы трагедиялық кездейсоқтық салдарынан космонавт алыс планетада жалғыз қалып қояды. Енді оның өміріне үнемі қауіп төнеді.

«Суға салса, батпайтындар»

Шығарушы мемлекет: Франция

Режиссеры: Жиль Леллуш

Ұзақтығы: 122 минут

Рольдерде: Ноэ Абита, Ксавье Алькан, Матьё Амальрик, Жан-Юг Англад, Лейла Бехти, Гийом Кане, Сэм Шемуль, Мелани Дотей, Виржини Эфира, Андерз Эйде

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Францияда таңғажайып жетілік күнделікті күйбелең өмірден шаршап, күтпеген жағдайда жиналып, ересек өмірден қашуды жоспарлайды. Себебі проблемалар тұңғиыққа тартқан кезде батпайтын мығым болып қалу керек!

«Мыстан кемпір»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Святослав Ушаков

Ұзақтығы: 90 минут

Жанры: мультфильм

Кішкентай сиқыршы қыз Ядвига не үшін кемпір Ягаға айналып, батпақта өмір сүріп жүр? Ойламаған жерден оған патшайым Синеглазка не үшін тап болады? Яганың адамдарға қайтадан көмектесуіне кім себеп болады? Бұл сан бояулы анимациялық фильм — достық, мейірімге сену мен жамандықты жеңудің үлгісін көрсететін жаңа туынды.