Басты бетЖаңалықтарҚостанай облысының...

Қостанай облысының атауы өзгере ме? Өңір басшысы жауап берді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде бастамашыл топтың өңірді Торғай облысы деп атау туралы ұсынысы жөнінде түсінік берді.

Облыс басшысының айтуынша, ол бұл хатпен танысқан.

Менің жеке пікірім — мен бұған қарсымын, Қостанайдың бұрыннан өз атауы бар, Қостанай болып қала берсін. Қостанай облысының өзінің тарихи атауы бар. Әзірше 17 адам қол қойған, бірақ менің сұрағанымда ол адамдар қол қоймағанын айтты. Меніңше, бұған байланысты халық арасында шу көтерудің қажеті жоқ сияқты, — дейді Архимед Мұхамбетов.

Ол қажеттілік туған жағдайда бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өткізу керек.

Әрине, қараймыз. Бірақ, тұтас алғанда, позициямды айтамын. Торғай — аудан орталығы, бәріміз оған үйреніп кеттік. Егер, айталық, 30-жылдары немесе 40-жылдары Қостанай қаласының аты Торғай болғанда сол тарихи атауды қайтару жұмысын бастау қисынды болар еді. Ал мына жерде жағдай басқа. Сондықтан тағы да айтамын, мен қарсымын, — деді әкім.

ДереккөзZakon.kz