Qazaq Radiolary серіктестігі дикторлыққа кастинг жариялады

Qazaq Radiolary серіктестігіне қарасты Qazaq radiosy, Shalqar, Astana, Classiс радиоларына дикторлыққа кастинг жарияланды. Кастинг Астанадан қатысатын үміткерлер үшін 23 қараша күні сағат 15.00-де Қонаев көшесі 4-ғимаратта орналасқан «Қазмедиа» орталығында өтеді. Қатысушылар 20 қарашаға дейін [email protected] электрондық поштасына жеке төлқұжатының суретін жіберуі керек.

Еліміздің басқа аймақтарынан қатысуға ниет білдірген азаматтар кез келген ақынның бір өлеңін (3 минут) және ақпараттық мәтінді (1 минут) оқып mp3 форматта, өңдеусіз [email protected] поштасына жіберуі керек. Аудиомәтіндер жақшада көрсетілген уақыттан аспауы тиіс.

Кастингке түскен материалдар қарашаның 1-і мен 20-сы аралығында іріктеледі, 23 қарашада қорытындыланады.

Қатысушылар төлқұжатының суретін де (екі жағы) жоғарыда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберуі керек.

Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 75 73 12, 8 (7172) 75 72 90