Өзбек премьері Мирзияев шұғыл түрде Самарқанға келді

Ресми дереккөздің хабарлауынша, Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясынан бастап «Сиеб» базарына дейінгі барлық жол жабылған. Оған тек сол ауданда тұратын адамдар ғана кіре алады. Шавкат Мирзияев те сол маңда жүр.

Куәгерлердің айтуларынша, Шахи Зинда мавзолейінің маңында кірпіш тасыған автокөліктер көп. Олар «Йулбарслар Хиёбони» саябағының маңында да толып жүр. Мұнда Гури-Әмірдің отбасы зираты орналасқан.

Хабарларға қарағанда, түн уақытына қарамастан, мыңдаған аула сыпырушы Регистан алаңынан бастап Бибіханоим мавзолейіне дейінгі аралықты сыпырып жүр. Қала әкімшілігіндегі дереккөз саябақтың жаяу тұрғындар үшін жабық екенін растады.

Президент Ислам Каримовтың миына қан құйылып ауруханаға түсуіне байланысты, республикада атқарушы биліктің басқарушысы қызметін премьер-министр Шавкат Мирзияев атқарады.

ДереккөзCentral Asian