Дмитрий Медведев Қазақстанға келеді

1 қарашада Ресей Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады.

Ведомство өкілінің мәліметінше, сапар барысында Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшылары сауда-экономикалық, өңіраралық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын және «Байқоңыр» ғарыш кешені бойынша өзара ықпалдасуды талқылайды.

Сонымен бірге күн тәртібінде интеграциялық бірігу шеңберіндегі екі елдің өзара әрекеттестігі мәселелерін қарау да бар. Еске сала кетейік, Дмитрий Медведев өткен ақпан айында Алматыда болған Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысына және «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумына қатысқан еді.

ДереккөзTengrinews.kz