Дархан Кәлетаев Астананың үкіметтік емес ұйымдарына жоғары баға берді

Астанада қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма құрылып, үкіметтік емес ұйымдардың ортақ үйіне айналуы тиіс Азаматтық бастамалар орталығы ғимаратының құрылысы басталды. Бұл туралы Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Астанада VIII Азаматтық қалалық форумда айтты.

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір министр елордада жалпыұлттық азаматтық форумға таратуға болатын бірнеше аса маңызды бастама іске асырылып жатыр.

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы мәртебесін заңмен нығайту, оларға көпбалалы отбасылармен бірдей жеңілдік тағайындау, балаларды үйден оқыту сағатын көбейту, мүгедектігі бар балаларды медициналық куәландыру процесін, бағдарламалар бойынша сауықтыруға жіберілуі үшін олардың жылсайынғы ауруханаға жату міндеттілігін жеңілдету жөнінде өте қызық ұсыныс бар, — деді Дархан Кәлетаев.

Министрдің айтуынша, республика бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың 11%-ы Астанаға тиесілі. Алматыда 5300 үкіметтік емес ұйым тіркелген болса және бұл еліміздегі барлық үкіметтік емес ұйымның төрттен бірі болса, Астана мұндай бірлестіктер саны жағынан екінші орында — 2700 үкіметтік емес ұйым, бұл — республика бойынша барлық үкіметтік емес ұйымның 12%-ы.