Ерекше қабілеті бар қазақстандық қыз бала Ресей телешоуына қатысты

Әдина 35 секундта 18 бетті оқып үлгерген. Ол мәтінді тез оқып қана қоймай, оның мағынасын да түсіне алған. Қазақстандық қыздың айтуынша, 2016 жылы бір минутта 94 мың сөз оқып, рекорд орнатқан. Ал мәтіннің 90 %-ын түсінген.

Әдина Манатбекованың оқыған мәтінді қабылдау деңгейін тексеру үшін телешоу ұйымдастырушылары түсірілім алаңында оған тәжірибе жасап көрді. «Зүбәржат қаланың сиқыршысы» шығармасынан үзінді алып, кейбір сөздерін ауыстырып тастады. Әдина оқып болғаннан кейін, төрешілер қазақстандық қыздың айырмашылықты байқап-байқамағанын түсіну үшін сұрақтар қоя бастайды. Қыз олардың қойған төрт сұрағының үшеуіне дұрыс жауап берді.

ДереккөзTengrinews.kz