«Ұлы дала комедиясы»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Дархан Сәкенов

Ұзақтығы: 85 минут

Рольдерде: Төреғали Төреәлі, Мәдина Оспан, Жанболат Найзабеков, Ғазиз Ерболат, Даулет Бижанов

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Төреғали Төреәлі — ел аузынан түспейтін эстрада жұлдызы. Алайда Төреғалидің өзі мұндай өмірден шаршаған. Туған күнін тойлап жүрген әнші өзіне басқа өмір тілейді. Ертесіне ол Талғат есімді басқа адамның денесінде оянады.

«Галвестон»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Мелани Лоран

Ұзақтығы: 91 минут

Рольдерде: Эль Фаннинг, Бен Фостер, Лили Рейнхарт, Мария Вальверде, Бо Бриджес, Роберт Арамайо, Эдеперо Одуйе, Тинсли Прайс, Эннистон Прайс, Хайди Левандовски

Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма, криминал

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Мафиозидің қолшоқпары болған Рой Кэди байқаусызда бастығының жолын кеседі. Енді ол жендеттердің нысанасына айналды. Бас сауғалап жүріп жас жезөкшенің өмірін де өз жауапкершілгіне алады.

«Александр Христофоровтың мәңгі өмірі»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Евгений Шелякин

Ұзақтығы: 104 минут

Рольдерде: Алексей Гуськов, Тимофей Трибунцев, Оксана Фандера, Роман Курцын, Игорь Угольников, Лидия Вележева, Полина Пушкарук, Станислав Любшин, Анастасия Сомова, Александр Гох

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Бұрын Христофоров театр мен киноның жұлдызы болған. Қазір курорт қалашықта аниматор болып жүр. Ажырасқан әйелі оған қастық ойлайды, ал ұлы онымен кездесуден қашады. Бұған қарамастан Христофоров торықпайды, өмірін әрі қарай жалғастырады. Бір күні тағдыр оған сүйікті әйел түрінде тағы бір сый жасайды.

«Лукас»

Шығарушы мемлекет: Франция

Режиссеры: Жюльен Леклерк

Ұзақтығы: 82 минут

Рольдерде: Жан Клод Ван Дамм, Свева Альвити, Сами Буажила, Сэм Лаувейк, Каарис Кевин Янссенс, Carlos Schram, Димитри Тивайос, Laurent D’Elia, Сесилия Нго

Жанры: атыс-шабыс

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Түнгі клубтың күзетшісі болып істеген ер адам клиентпен сөзге келіп қалғаннан кейін қамауға алынады. Енді оның 8 жасар қызының тағдыры әлеуметтік қызметтің қолында. Интерпол онымен келісімге келіп, Бельгиядан голланд мафиозиін алып келуді тапсырады. Тапсырма орындалса, оған қызын қайтарып бермек.

«Флоренс Фостер Дженкинс»

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания

Режиссеры: Стивен Фрирз

Ұзақтығы: 111 минут

Рольдерде: Мэрил Стрип, Хью Грант, Саймон Хелберг, Ребекка Фергюсон, Нина Арианда, Стэнли Таунсенд, Аллан Кордунер, Кристиан МакКэй, Дэвид Хэйг, Джон Сешнс

Жанры: драма, комедия, өмірбаян, музыка

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Флоренс Фостер Дженкинс өмірін опера айтуға арнаған тұлға. Алайда оны қолдағандар болған жоқ. Өйткені әйелдің ән салу қабілеті мүлдем жоқ еді. Көпшілік миссис Дженкинстің шығармашылық кешіне оның талантсыз өнеріне күлу үшін және сынау үшін келетін. Бірақ әйелге бұлардың барлығы кедергі бола алмайды.

«Мұзбалақ»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Майдан Тұрдыбек, Төлеуғазы Тілек

Ұзақтығы: 65 минут

Жанры: анимация

Ерте заманда адамдардың кесірінен жер астындағы айдаһарға айналып келе жатқан әбжылан оянып, жер бетіне шығып, маңайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады. Ақыры әбжылан қайта жер астына қашып, жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен әбжылан Күн тұтылғанда өзінің айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді…

«Хэллоуин»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Дэвид Гордон Грин

Ұзақтығы: 109 минут

Рольдерде: Джуди Грир, Джейми Ли Кёртис, Вирджиния Гарднер, Уилл Пэттон, Ник Касл, Майлз Роббинс, Тоби Хасс, Дилан Арнольд, Джефферсон Холл, Энди Мэтичак

Жанры: триллер, үрейлі  фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильм оқиғасы алғашқы фильм шыққан 1978 жылдан кейін 40 жыл өткен соң өрбиді. Майкл Майерс ұсталып, қатаң тәртіптегі ауруханаға қамалады. Үбірлі-шүбірлі болған Лори Строуд әлі күнге дейін басынан өткен сол сұмдықты ұмытқан жоқ, Майкл әлі оралады деп қорқады. Оның күдігі бекер болмапты.

«Шай ойыншықтары»

Шығарушы мемлекет: Қытай

Режиссеры: Гэри Ван

Ұзақтығы: 98 минут

Жанры: мультфильм, семейный, фэнтези, приключения

Таймбот деген робот ғарыш кемесімен ұшып келе жатып жерге құлап, ойыншықтар дүкеніне тап болады. Ол осы жердің тұрғындарымен тез достасады. Бір күні Мэй деген құрбысы жоғалып кетіп, Таймбот ойыншықтармен бірге оны іздеуге шығады.

«Риббит»

Шығарушы мемлекет: Малайзия, АҚШ

Режиссеры: Чак Пауэрс

Ұзақтығы: 88 минут

Рольдерде: Шон Эстин, Тим Карри, Расселл Питерс, Черами Ли, Эльза Ирдалинна, Амелия Хендерсон, Сонни Фрэнкс, Кристина Ороу, Кенни Доул, Валентайн Коули

Жанры: мультфильм, комедия, отбасылық, саяхат

Риббит — ерекше бақа. Жолдастарына қарағанда ол секіргенді, суды ұнатпайды. Алайда оның таңғажайып саяхаты кішкентай қадамнан басталады. Риббитті не күтіп тұр?