Шымкентте алма ағашы гүлдеді. Қазан айында мегаполис аумағында ауа райы әлі де жаз сияқты болып тұр.
Бұл күндері ауа температурасы күндіз 30 градустан төмендемей келеді. Күздің жылы болуынан алма ағашы қайта гүлдеп отыр.
Дегенмен бұл Шымкент үшін таңсық жағдай емес. Былтыр және оның алдыңғы жылдары да қалада алма ағашы, бөртегүл мен ақшатыр күзде тағы бір гүлдеген.