Басты бетЖаңалықтарАстана жәрмеңкесіне...

Астана жәрмеңкесіне екі облыс мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды және Қызылорда облыстары жәрмеңкеге ет және сүт өнімдерін, жұмыртқа, балық, көкөніс, жеміс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қояды.

Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің жанындағы алаңда өтеді. Онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және «Корпорация Қарағанды — НАН», «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС, «Еуразиан Фудс» АҚ, «Бидай НАН» ЖШС, «Фирма Тұлпар» ЖШС тәрізді өңірлік компаниялар өнімдерін әкеледі.

Жәрмеңке аясында бауырсақ және қымыз фестивалі өтеді. Сонымен қатар облыстардың шығармашылық ұжымдары концерт қояды.