Астананы газбен қамтамасыз ету жобасы қоғамдық талқылауға түсті

«Астанаэнергосервис» АҚ Астананы газбен қамтамасыз ету бағдарламасының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл туралы «Астанаэнергосервис» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазТрансГаз» АҚ «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша ұзындығы 1 081 км Сарыарқа магистральды газ құбырын құруды жоспарлады.

Газ құбырының осы бөлігі магистраль бойындағы Астана, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары мен оған жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етеді.

Астана әкімдігі жобаны іске асыру мақсатында газбен жабдықтау жүйелерін жобалады.

Астананың газдандыру жобасы  ЖЭО-ның ыстық су қазандығын көмірде жұмыс істеу мүмкіндігін сақтай отырып, табиғи газды жағуға ауыстыру арқылы ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ні қайта құруды, жеке сектордағы үйлерді кезең-кезеңмен газдандыру және ішкі-қазандық қондырғыларын газдандыруды, қолданыстағы СКСГ (сұйытылған көмірсутекті газдар) тұтынушыларын табиғи газға ауыстыру қамтамасыз етеді, — делінген хабарламада.

Жобаға қатысты ескертулер мен ұсыныстарді [email protected] электрондық поштасы қабылдайды.