Ішкі істер министрі қай кезде отставкаға кететінін айтты

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаға енгізілетінін түзетулерге қатысты пікірін айтты.

Тиісті түзетулерді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеп жатыр. Түзетулер бойынша қарамағындағы қызметкерлер жемқорлық дерегі бойынша істі болған жағдайда басшы да жұмыстан кетуі керек.

Қалмұханбет Қасымов өз орынбасарларына жемқорлық бойынша айып тағылса, қызметтен кетуге дайын екенін айтты.

Әрине, қашан да айыпталушының кінәсін тексеру керек. Егер менің орынбасарым солай істесе, бәріміз отставкаға кетуіміз керек, — деді ол.

Журналистердің «Мұндай жағдайда өз басыңыз отставкаға кетуге дайынсыз ба?» деп нақтылаған сұрағына министр «Иә» деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Алматыда Денис Тен қайғылы қазаға ұшырағаннан кейін қоғамдық ұйымдар құқық қорғау саласын реформалау туралы бастама көтерген еді. Қоғам мүшелері ҚР Ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етті.

ДереккөзZakon.kz