Басты бетТанымМалшылар қорықтық...

Малшылар қорықтық cусынын қалай әзірлеген?

Қазақта «Қорықтық ішкен қойшының қорасы болмас жақында» деген нақыл сөз бар. Қорықтық — далада жүргенде не көшіп-қонған кезде сүттен жылдам жасалатын сусын түрі.

Оны жасау үшін әуелі малды өрісте жүрген жерінде сауып алатын болған. Содан кейін жерошақ қазып, оған даланың кішкентай жұмыр тастарын әбден қыздырады. Қызып тұрған тастарды оттан шығарып желпіп, күлін түсіреді де, шелектегі сүтке бірнешеуін салып жібереді. Осылайша бірер минут ішінде қорықтық дайын болады.

Қорықтық
Фото: Anabol.kz

Қорықтықты ыстықтай ішеді. Ол — жұғымды тағам әрі шөлбасар.

Қорықтық сүт
Фото: Munara.kz

Қазақ бір жылдың өзінде үш рет қоныс аударатын болған: жайлау, күзеу, қыстау. Жайлаудан күзеуге, күзеуден қыстауға, қыстаудан жайлауға қайта көшкен сайын қорықтық малшылардың ең жиі әзірлейтін тағамы болған.

Қорықтықты қыстыгүні де дайындайды.

***

Тағы оқыңыз:

Тоңдырмайтын ас. Шыртылдақ әзірлеудің үш тәсілі