Басты бет / Жаңалықтар /
құтқарушылар
Фото: ТЖД

Алматыда таудан құлаған жасөспірім есінен танып қалды

Алматы тауларында 15 метр биіктен құлаған жасөспірім құтқарылды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Құтқарушыларға хабарлама 17 шілде сағат 16:50-де түскен.

17 жастағы үш жасөспірім Алматы тауларында жолдан адасып қалған. Өтініш берушілердің айтуынша, олардың бірі жартастан құлап, есінен танып қалған. Жасөспірімдердің координаты берілді. Оқиға орнына сағат 17:05-те құрамында бес адам, бір техника бар «БАУ» бақылау-құтқару пунктінің экипажы аттанады, — делінген хабарламада.

Жасөспірімдер Терешкова шыңында болған, сағат түнгі он шамасында құтқарушылар құлаған баланы тапқан.

Ол шамамен 15 метр биіктіктен құлаған. Оның иығы, шынтағы, жамбасы сынған, сонымен қатар омыртқасы зақымданған болуы мүмкін. Сол себепті жасөспірімді қолмен тасу мүмкін болмады. Жәбірленуші тікұшақпен эвакуацияланды. Жасөспірім № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қасындағы екі серіктесіне де көмек көрсетіледі, — дейді құтқарушылар.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok