Көкпар

Режиссеры: Руслан Акун («Салам, Нью-Йорк», «Анамды іздеймін»)

Басты рольдерде: Асылхан Төлепов, Гүлназ Жоланова, Эмель Есенәлиев, Жұма Мамакеев

Жанры: Спорттық драма, экшн

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

"Көкпар" фильмі
Фото: Kinoplexx.kz

«Көкпар» фильмін түсіруге 1100-ден астам адам қатысқан. Сценарийін режиссердың өзі жазған. Бұл  — Руслан Акунның АҚШ-тың School of Cinematic Arts оқу орнында магистратура бітіргеннен кейінгі алғашқы фильмі. Фильм продюсері Нұрбек Айбашевтің айтуынша, туындыда ТМД елдеріндегі қоғамдық проблемалар көрсетілген. Картинада отбасы құндылықтары, адал достық, халық ынтымағы, адамның туған жерін қорғаудағы батылдық тақырыптары қозғалады.

Талан

Режиссеры: Болат Қалымбетов («Тамшы», «Айналайын», «Соңғы суық»)

Рольдерде: Ерік Жолжақсынов, Ержан Нұрымбет, Оңдасын Бесікбасов, Шынар Жанысбекова, Ұлан Нүсіпәлиева

Жанры: тарихи драма, трагедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

"Талан" фильмі
Фото: Kinopark.kz

«Талан» — тағдыр сөзінің синонимі. Фильмнің сценарийі Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша жазылған. Картинада ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы оқиғалар қарапайым адамдардың өмірі арқылы беріледі. Режиссердың айтуынша, бұл фильм тарихтағы аса күрделі кезеңді адам болмысының құбылысы арқылы танытқысы келеді.

Финансист

Режиссеры: Елена Лисасина («Құрбылар», «Сыныптастар», «Тікелей эфир»)

Рөлдерде: Асылхан Төлепов, Шыңғыс Қапин, Карина Жұмалиева

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

"Финансист" фильмі
Фото: Дина Сабирова

Жас режиссердың «Финансист» фильмі бүгінгі өмірді суреттейді. Фильм ақшаға құныққан жас қаржыгерлердің түрлі сынақтан өтуін баяндайды. Достық, махаббат әлде ақша? Басты кейіпкерлер нені таңдайды екен? Фильмнің бас продюсері — Ерболат Байғанин, көркемдік жетекшісі — Сатыбалды Нарымбетов.