Төменде бес жұмбақ берілген. Соның кем дегенде үш сұрағына дұрыс жауап берген алғашқы 20 қатысушы Bilimland.kz порталына бір жылға тегін жазылым ұтып ала алады.

Порталда 40 мыңға жуық интерактив сабақ (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндік беретін iTest.kz сайты, 2000-нан аса оқытушы фильм ұсынатын Twig-bilim.kz және бастауыш мектепке арналған 170-тен астам анимациялық видеосабақты топтастырған iMektep.kz платформалары бар.

Сұрақтар соңында сауалнама бар. Сол жерге тапсырмалардың жауабын және жеке мәліметіңізді қалдыра аласыз. Үш аптадан кейін, яғни 18 қазан күні байқау тоқтатылады. 

Байқауға қатысып, бағыңызды сынап көріңіз. Сәттілік!

Таяу шығыс, маркетинг, жұмбақ
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

1-жұмбақ. Ертеде бір маркетолог Таяу Шығыстағы жарнама компаниясын сәтсіздікке ұшыратады. Көрнекі суретте бәрі дұрыс болатын. Бірақ компания банкрот болды. Неге? Жоғарыдағы суретке қарап, жұмбақты шешіңіз.

жұмбақ, бірінші дүниежүзілік соғыс
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

2-жұмбақ. Атасы немересіне жастық шағындағы жетістігі туралы айтып берді. «Бірінші дүниежүзілік соғыста ерлігім үшін мені мына қылышпен марапаттады. Қылыштағы жазуды қара»,  — дейді атасы. Қылышта «Ерен ерлігі мен батылдығы үшін марапатталады. Бірінші дүниежүзілік соғыс» деп жазылып тұр еді. Бірақ немересі жазуды оқыған соң атасының өтірік айтқанын бірден біліп қойды. Қалай?

жұмбақ, өлім патшасы
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

3-жұмбақ. Ертеде бір қарттың үш қызы болыпты. Бір күні қарт қатты ауырып, Өлім патшасы оны о дүниеге алып кетуге келеді. Қарттың үлкен қызы патшадан әкесінің тағы екі жыл өмір сүруін сұрап жалынады. Ол келіседі. Екі жыл өткеннен кейін Өлім тағы да келеді. Сол кезде екінші қызы тағы бір жыл беруін сұрайды. Тілегі орындалады. Өлім патшасы үшінші рет келгенде кенже қызы: «Әкемнің өмірін мына майшам жанып біткенге дейін алмашы», — деп өтінеді. Өлім келіседі. Кенже қыз жоспарлағандай ол содан кейін оралмайды. Үшінші қыз әкесінің өмірін қалай сақтап қалды?

жұмбақ, алма ағашы
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

4-жұмбақ. Әлия мен Ғалия есімді екі құрбы орманға серуендеуге барады. Кенеттен  жаңбыр құйып кетеді. Құрбылар орманнан бұзылған үйді көріп, жауыннан қорғану үшін сонда кіреді. Жаңбыр басылады. Үстері құп-құрғақ екі құрбының бір кезде қарны аша бастайды. Сөйтіп қыздар екіге бөлініп, азық іздемек болады. Бір кезде Әлия орманнан алма ағашын байқайды, біреуін жеп көреді. Жегені сол еді, өзі де алма ағашына айналып кетеді. Біраз уақыттан кейін Ғалия құрбысын жоғалтып алғанын түсінеді. Алма ағашының қасына келгенде бейтаныс дауыс: «Сенің құрбың алма ағашына айналып кетті. Оның қайтадан адам кейпіне оралуын қаласаң, ағашқа айналған құрбыңды табуың керек. Бірақ сенде жалғыз мүмкіндік бар», — дейді. Ғалия өте ақылды еді. Ол құрбысын бірден таниды. Қалай?

мұрагер, бай, жұмбақ
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

5-жұмбақ. Ертеде бір байдың үш ұлы болыпты. Бай жасы келген соң кімді мұрагері етіп сайларын білмейді. Ақыры үшеуіне азын-аулақ тиын беріп: «Осы ақшаға ең үлкен бөлмені тұтас қамтып тұратын зат сатып алыңдар. Кім бөлмені толтырады — сол мұрагерім болады», — депті. Үлкен ұлы мақта сатып алып, бөлмеге кіргізеді. Бірақ ол бүкіл бөлмені толтыра алмайды. Екінші ұлы бөлмеге шөп кіргізеді. Ол да сыннан өтпей қалады. Ең ақылды ұл — кенже баласы базардан екі кішкентай зат сатып алады да, бүкіл бөлмені толтырады. Кіші ұлы не сатып алды?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!