«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 24 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы болжамын ұсынады.
Еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді. Тек республиканың солтүстігі, оңтүстік-батысы мен оңтүстігі жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.
«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 24-25 қыркүйек күндері еліміздің бірнеше облысында ауа райының қолайсыз болатынына байланысты ескерту жариялады.
Дүйсенбі және сейсенбі күндері Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы аумағында жаңбырдың салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. 24 қыркүйек күні күндіз солтүстік-батыстан екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел соғады. 24-25 қыркүйек күндері өңірде түнде 3 градус ызғар болады. Астанада 24 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.